Accessibility links

Қырғызстандағы АҚШ базасы жабылмақшы


Қырғызстандағы АҚШ әуе базасының жаңа қолбасшысының мәлімдеуінше, қырғыз үкіметінің өтініші бойынша Манас әуе базасындағы операциялар тамыздың ортасында аяқталады. Полковник Кристофер Бенс дүйсенбі күні журналистерге берген сұхбатында Манастағы операциялар біртіндеп доғарылып жатыр деп атап көрсетті.

АҚШ бірнеше жылдан бері Манас әуе базасын Ауғанстандағы әскери операциялары үшін пайдаланып келген. Ақпан айында қырғыз үкіметі бұл базаны жабу үшін АҚШ-қа 6 ай уақыт берген болатын.
XS
SM
MD
LG