Accessibility links

Әміржан Қосанов: Оппозицияның бірігуінің ортақ формуласы табылды


Бүгін елдегі оппозициялық күштердің бірігуіне қатысты баспасөз-жиыны өткізіледі. Осыған орай Азаттыққа түсініктеме берген Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары Әміржан Қосанов былай деді:

«Осы жылдың 11-і күні демократиялық форум болды. Барлық облыстардан жиналған 4 партияның өкілдері партия жетекшілеріне міндетті түрде бірігу туралы мәселені шешу керек екенін айтты. Және ол форумда әртүрлі идеялар айтылды. Бір партияға бірігу, бір қозғалысқа бірігу, бір блокқа бірігу, басқа да формаларын қарастыру керек деген сияқты ойлар айтылды. Форумның делегаттары басшыларға екі ай мұрсат берген еді. Екі айдың ішінде мәселені түбегейлі шешу туралы тапсырма берді. Сол туралы партия жетекшілері бүгін халыққа жария етеді. Қазіргі таңда демократиялық оппозициясының бірігуінің ортақ формуласы табылды».
XS
SM
MD
LG