Accessibility links

ШЫҰ елдері Пхеньянның ядролық проблемасын шешу жөніндегі келіссөздерді жандандырмақ


Екатеринбургте өткен саммит қорытындысы бойынша Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері Пхеньян жүргізген ядролық сынақтан кейін асқынып кеткен КХДР-ның ядролық проблемасына шешім іздеу жөніндегі келіссөздерді жандандыруға үндесті.

«ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Корей түбегінің ядролық қарудан тыс аумақ болуы жөніндегі процесті жандандыру туралы сөз қылды. Олар бұрын қол жеткізген келісімдер негізінде өзара тиімді шешім іздеуді жалғастыру мен ұстамдылық сақтауға шақыруда», — делінген саммит қабылдаған құжатта.
XS
SM
MD
LG