Accessibility links

Иран дауыстарды қайта санауға әзір


Иранның заңшығарушы органы Күзетшілер кеңесі өткен аптадағы президент сайлауында заңбұзушылықтар анықталса, даулы дауыстарды қайта санауға дайын екенін мәлімдеді. Ресми ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кеңестің баспасөз хатшысы Аббасали Кадходай дауыстар қайта саналса, сайлау қорытындыларында кей өзгерістер болуы мүмкін деген.

Сайлаудың ресми нәтижелеріне қарағанда, маусымның 12-дегі сайлауда қазіргі президент Махмуд Ахмадинежад жеңіске жеткен. Осыдан кейін Иранда 3 күн қатарынан наразылық шаралары орын алды.
XS
SM
MD
LG