Accessibility links

Пәкістан мен Үндістан басшылары Ресейде кездесті


Үндістан мен Пәкістан жетекшілері сейсенбі күні Ресейде кездесті. Пәкістан президенті Асиф Али Зардари мен Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх Екатеринбург қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті барысында келіссөз өткізді.

Қараша айында орын алған Мумбайдағы шабуылға байланысты теке-тірестен кейін екі ел басшылары алғашқы рет кездесіп отыр. Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы мәртебесіне ие. Аталған ұйымға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мүше боп табылады.
XS
SM
MD
LG