Accessibility links

Лондонда Қазақстан мәселелері қаралуда


Бүгін Лондонда «Қазақстан: дамудың жаңа көкжиектері» атты халықаралық форум басталады, онда Қазақстанның әлеуметтік саяси жағдайы мен инвестициялық ахуалы, заңнамалық және салық базасы сынды мәселелерге шолу жасалады.

Үш күндік жиын барысында Қазақстанның халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету, қаржы дағдарысын жою және оның ел экономикасына әсері, Қазақстанның ДСҰ-на кіруі, елдің банк секторы мен бизнесінің жағдайына баға беру, көлік инфрақұрылымын қалыптастыру мәселелері күн тәртібіне қойылған.

Үшінші рет өткізілгелі отырған форумға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Швеция, Дания, Австрия, БАӘ, Чехия мен Ресей сияқты әлемнің 15 елінен жиналған өкілдер қатысады.

Форумды Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің қолдауымен Adam Smith Conferences және IBC Energy/Informa серіктес ұйымдары ұйымдастырады.
XS
SM
MD
LG