Accessibility links

Астана қаржылық бақылау инспекциясының бастығы пара алған деген күдікпен ұсталды


Қаржылық бақылау комитеті Астана қалалық қаржылық бақылау инспекциясы бөлімінің бастығы А. 300 мың теңге парамен ұсталды, — деп хабарлайды Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің өкілі Мұрат Жұманбай.

«Осы жылдың 29 мамыры күні «Қалалық электр желілері» АҚ жүргізген мемлекеттік сатып алу қорытындысын тексеру кезінде А. аталған кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығын шақырып алып, бопсалау арқылы әкімшілік өндіру шараларын қолданбау және тексеру материалдарын құзырлы орындарға тапсырмау үшін ақша талап еткен», — деді қаржы полициясының өкілі.

Өз кезегінде «Қалалық электр желілерінің» бөлім бастығы 2 маусым күні қаржы полициясына арыз берген. Маусымның 6-сы күні А. сот санкциясымен тұтқындалған. Бұл іс бойынша зерттеу жүргізілуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG