Accessibility links

ТМД Экономикалық кеңесі халықаралық көлік дәлізін дамытуды талқыламақ


Бүгін Кишиневте ТМД Экономикалық кеңесінің 42-ші отырысы басталады. Оған Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Украинаның делегациялары қатыспақ. Бұл жиынға Молдавияның вице-премьері, экономика және сауда министрі Игорь Додон төрағалық етеді.

Жиын бағдарламасы бойынша ТМД-ға мүше елдердің халықаралық көлік дәлізін дамыту, ТМД шеңберіндегі тауарларды шығаратын елдерді анықтау тәртібі, сондай-ақ ұлттық электроэнергетикалық жүйелердің сабақтастығы мен электр желілерін пайдалану мәселелері қаралады.
XS
SM
MD
LG