Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында болған дауыл мен күшті желдің салдары көп зиян әкелді, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Атыраудың Индер ауданында 16 жеке үй мен 4 қабатты әкімшілік құрылысының ғимараты мен 5 қабатты үш үйдің шатырларын ұшырып әкеткен. Электр желілері мен телефон сымдарына зақым келген.
Ал Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында мәдениет үйі мен мектептің спорт залы және аудандық ішкі істер бөлімінің ғимараты қираған. Сондай-ақ Тереңкөл ауылындағы мектеп, Жалпақтал мектебі, аурухана мен дүкен де бұзылған.