Accessibility links

Ертең халықаралық босқындар күні


Ертең халықаралық босқындар күні. Бұл күнді БҰҰ –ның Бас ассамблеясы 2000 жылғы 4 желтоқсанда арнайы резолюциямен белгілеген.

Бұл резолюцияда 2001 жылы босқындар мәртебесі туралы конвенцияға 50 жыл толатындығы айтылып, соған орай Африка одағы халықаралық босқындар күнінің Африкандық босқындар күнімен бір күнде аталуына келіскен болатын.

Қазақстанның 2007–2015 жылдарға арналған миграциялық саясат концепциясы иммигранттардың интеграциясы мен бейімделуін басым бағыттардың бірі ретінде қарап заңдастыру жөніндегі шаралар жүйесін жасауда.

Алматы қаласы бойынша миграция жөніндегі комитет департаментінің директоры Гүлсара Алтынбекованың мәліметінше, қазіргі уақытта бір ғана Алматы қаласының өзінде ресми түрде босқын деп танылған 510 шетел азаматы тұрады, бұлар негізінен Ауғанстан, Сомали, Эфиопияның өкілдері. Басқа шетелдік азаматтармен салыстырғанда босқын мәртебесі бар адамдардан республика аумағында еңбек ету үшін арнайы рұқсат талап етілмейді. Сондай-ақ Алматыда ата-аансы босқын деп танылғаннан кейін дүниеге келген 89 сәби бар.
XS
SM
MD
LG