Accessibility links

Хаменеи жұма намазда сайлау дағдарысы туралы айтады


Иранның рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменеи жұма намазда елдегі сайлау дағдарысы туралы сөйлейді деп күтіліп отыр.
Хаменеи осыған дейін ирандықтарды қоғамдық шерулер өткізуді тоқтатып, сайлауда жеңіске жетті деп хабарланған президент Махмуд Ахмадинежадтың маңына бірігуге шақырған.
Бірақ сайлауда жеңіліс тапқан Мир Хоссейн Мусавидің қолдаушылары ол үндеулерді қабылдамай, ресми тыйымға қарамастан, алтыншы күн шерулерін жалғастырды.
Шерушілер өткен жұмада өткен президенттік сайлаудың қортындыларын жарамсыз деп табуды талап етіп келеді.
Бейсенбі күні онмыңдаған адам сайлаудан кейін қақтығыстарда қаза болғандарды еске алып, аза тұту шарасын өткізді. Мемлекеттік ақпарат өкілдерінің хабарлауынша, шерулерде 8 адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG