Accessibility links

Су Чжидің туған күнін қолдаушылары атап өтуде


Бүгін Мьянма оппозициясының жетекшісі Аун Сан Су Чжидің 64 жасқа толған туған күні әлемнің бірқатар қалаларында аталып өтпекші. Оның туған күніне байланысты құттықтау және қолдау танытқан жолдаулар жіберу үшін оппозиция белсенділері арнайы вебсайт ашып отыр.
Еуропа Одағының Брюссельдегі отырысында одақ жетекшілері Мьянма билігін Су Чжиді босатуға шақырады деп күтіліп отыр. Нобель сыйлығының иегері Аун Сан Су Чжи соңғы 13 жылын үйқамауында өткізді. Үйқамақта отырған оппозиция жетекшісіне шақырылмаған американдық қонақтың келуінен үй қамауындағы тәртіп бұзылды деген айыппен бүгінде Су Чжи қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG