Accessibility links

АҚШ-та ұшқышы қайтыс болған жолаушылар ұшағы жерге қонды


Еуропадан Құрама Штаттарға ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағының ұшқышы жүрек талмасынан өліп кеткен соң, ішінде 247 адамы бар ұшақ аман-есен жерге қонды. Ресмилердің хабарлауынша, ұшақтың тағы екі ұшқышы бақылауды өздері алып, әуекемесін Нью-Джерсиде жерге қондырды.
30 жылдан аса әуе кеңістігінде қызмет еткен 60 жасар ұшқыш Атлант мұхитының үстінде келе жатқанда жүрегі ұстап, қайтыс болған. Бойнг -777 ұшағы Брюссельден ұшып шыққан.
XS
SM
MD
LG