Accessibility links

Теһранда наразылық шеруі өтіп, күшпен қуылды


Сенбі күні Теһранда Иран полициясы саяси оппозицияны қолдаушылардың шеруін резеңке таяқ пен көзден жас ағызатын газ қолданып қуып таратты. Ол туралы куәгерлерді сілтеген Батыс баспасөзі хабарлады.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, полиция оппозицияның ереуілі өтіп жатқан алаңды қоршап алып, оппозиция қайраткерлерін дүрелей бастады.
Иран оппозиция соңғы президент сайлауының қорытындысы бұрмаланды деп мәлімдеп, сайлаудың нәтижесін қайта қарауды талап етумен бір апта бойы наразылық ереуілін өткізіп келеді. Сайлаудың ресми нәтижесі бойынша, қазіргі президент Махмуд Ахмадинеджад жеңіске жетті.
Өткен жұма күні Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи сайлау әділ болды деп мәлімдеп, наразылық ереуілін дереу тоқтатуды талап етті.
Батыс елдері Ирандағы ахуалға алаңдаушылықтарын білдірді.
XS
SM
MD
LG