Accessibility links

Мусави Иранды өтірік пен алаяқтық басты деп санайды


Иран оппозициясының лидері Мирхоссейн Мусави Ислам Республикасын өтірік пен алааяқтықтан тазартуға шақырды. Оның Интернетке шыққан мәлімдемесінде осылай делінеді.
Сенбі күні Теһранда полиция көзден жас ағызатын газ бен су атқылайтын брандспойттарды қолданып Мусавидің жақтастарының рұқсат берілмеген шеруін қуып таратты.
Оппозицияның қолдаушылары 12 маусымда болып өткен президент сайлауының ресми нәтижесіне қарсы бір апта бойы наразылық білдірумен келеді. Ресми қорытынды бойынша, сайлауда қазіргі президент Махмуд Ахмадинеджад асқан басымдықпен жеңіске жетті.
АҚШ президенті Барак Обама Иран билігін «туған халқына қарсы күш қолданбауға» және сөз бостандығы мен жиын еркіндігін құрметтеуге шақырды.
XS
SM
MD
LG