Accessibility links

Теһрандағы тәртіпсіздік кезінде 13 кісі көз жұмды


Иранның мемлекеттік баспасөз құралдары сенбі күні Теһранда оппозицияның наразылық шеруін қуып тарату кезіндегі арпалыста 13 адамның қаза болғанын хабарлады.
Иранның ағылшын тіліндегі Press TV телеарнасы Теһрандағы сенбілік оқиғаны «полицияның террористік топтармен шайқасы» деп бағалады. Телеарнаның хабарында айтылғандай, «бүлікшілер» 2 жанар-жағармай бекеті мен мешітті өртеп, полиция күзетіне шабуыл жасапты.
Сенбіде полиция оппозицияның шеруін қуып тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су атқылайтын брандспойттарды қолданды. Куәгерлердің сөздеріне қарағанда, билікке жақын әскерилендірілген «Басидж» тобының мүшелері шерушілерге оқ жаудырған.
Оппозиция қазіргі президент Махмуд Ахмадинеджад жеңіске соңғы президент сайлауының ресми нәтижесімен келіспейді.
XS
SM
MD
LG