Accessibility links

Мамандар Ақтаудағы бұрғылау жобасының қоршаған ортаға әсерін бағаламақ


Ертең Ақтаудағы «Жемчужины» теңіз аймағында барлау-бұрғылау жобасының қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі қоғамдық тыңдау басталады, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Аталған аймақта «Тұлпар-1» атты 4-ші барлау скважинасын бұрғылау жоспарланған. Бұдан бұрынғы бұрғыланған екі скважинада көмірсутек бары анықталған, қазір 3-ші скважина бұрғылануда.

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінен оңтүстікке қарай орналасқан «Қаламқас» мұнай-газ кен орнының «Жемчужины» аймағы 2001 жылы ашылған, 895 шаршы км жерді алып жатыр. Компанияның бағалауынша, бұл жерден алынатын көмірсутек ресурсы 100 млн тоннаны құрауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG