Ингушетияның президенті Юнус-Бек Евкуров самай сүйегі жараланып, миы шайқалып ауруханаға түсті, денесінің кей жерлері күйіп қалған, — деп хабарлайды РИА Новости агенттігі. Президент кортежі тоқтаған жолдың жиегіне қастандық жасау мақсатында бомба қойылған.
РФ прокуратурасы тергеу комитетінің мәліметінше, Юнус-Бек Евкуровқа жасалмақ болған қастандықтың салдарынан құрбан болғандар мен жараланғандар бар. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда. Ингушетияға Мәскеуден барған тәжірибелі криминалист мамандар да осы оқиғаны зерттеуге жұмылдырылды.