Accessibility links

Иран Сақшылар кеңесі шерушілерге ескерту жасады


Иранның Сақшылар кеңесі оппозициялық шерушілерге қатаң шара қолданатынын ескертті. Дүйсенбі күні интернеттегі парақшасында жарияланған мәлімдемесінде Күзетшілер кеңесі наразылық танытушыларды шерулерін аяқтауға шақырды. Шерушілердің қарсы тұруы Иранға қарсы астыртын әрекет болады деп мәлімдеді Сақшылар кеңесі.

Оппозиция жетекшісі Мирхоссейн Мусави өз қолдаушыларын президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына байланысты наразылық шараларын одан әрі жалғастыруға шақырды.
XS
SM
MD
LG