Accessibility links

Иран полициясы шерушілерге кедергі жасады


Дүйсенбі күні Теһранда Иран полициясы жүздеген шерушілерді көзден жас шығаратын газ атып таратты. Оның алдында Иранның Сақшылар кеңесі оппозициялық шерушілерге қатаң шара қолданатынын ескерткен болатын. Интернеттегі парақшасында жарияланған мәлімдемесінде Сақшылар кеңесі наразылық танытушыларды шерулерін аяқтауға шақырды. Шерушілердің қарсы тұруы Иранға қарсы астыртын әрекет болады деп мәлімдеді Сақшылар кеңесі.

Жексенбі күні оппозиция жетекшісі Мирхоссейн Мусави өз қолдаушыларын президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына байланысты наразылық шараларын одан әрі жалғастыруға шақырды.
XS
SM
MD
LG