Американдық General Motors автоконцерні жыл соңына қарай 4 мыңға жуық инженер-техник жұмысшыларын қысқартпақ.
Компания өкілдерінің хабарлауынша, кей жұмысшыларға жәрдемақы берілсе, зейнет жасына жеткен жұмысшылар демалысқа ерте шығарылуда. Бұған дейін General Motors 2,6 мың қызметкерін қысқартқан болатын.
General Motors 1 маусым күні АҚШ-тың банкроттық туралы заңының 11-бабына сүйене отырып, кредиторлардан қорғау жөнінде өтініш берген еді, бұл құжат Нью-Йорктің аймақтық сотына жіберілген.
GM –ның қайта құрылымына 60 - 90 күн уақыт кетеді, сондай-ақ АҚШ үкіметі компанияға қосымша 30 млрд доллар қаржы салмақ.