Accessibility links

Мұрат Жұманбай: Ерден Қажыбек Түркияда тығылып жүр


Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл жөніндегі комитетінің бұрынғы төрағасы Ерден Қажыбек құқық қорғау органдарынан тығылып, Түркияда жүр, — деп хабарлады Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің өкілі Мұрат Жұманбай.

«Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, бюджет қаржысын жымқырды деп сырттай айыпталып, тұтқындауға санкция берілген Ерден Қажыбекке іздеу жарияланғаны белгілі. Жедел іздестіру шаралары барысында оның Түркия аумағында жүргені белгілі болды», — деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Тіл жөніндегі комитеттің басшысы 2007 жылы қазақ-орыс-ағылшын тілдеріндегі онлайн сөздігін жасау бойынша орындалмаған жұмыстың үш актісіне қол қойып жіберген және қызметтің ақысын 100 пайыз жүзеге асырған. 20 министрлік пен ұлттық компания, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі 12 мемлекеттік мекеменің ақпаратынша, үш тілді сөздік қолданыста болмай шыққан. Мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала анықталған көлемі 65 млн теңгені құрайды.
XS
SM
MD
LG