Accessibility links

Иранда президенттіктен үміткер сайлауға қатысты шағымдарын кері қайтарды


Иранның президент сайлауына түскен консервативті үміткер Мохсен Резаи дауыс берулерде заңбұзушылықтар болды деген шағымдарын кері қайтарып алды. Сақшылар кеңесіне жолдаған хатында Резаи елдің қалыптасып отырған саяси және қауіпсіздік жағдайын атап өткен.

Иранда президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына байланысты жаппай наразылық шаралары бірнеше күнге жалғасты.

АҚШ президенті Барак Обама Ирандағы жағдайға қатысты ұстанымын күшейтіп, ол елдегі биліктің шерушілерді басып жаншуына байланысты өзінің ашу-ызасы келіп отырғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG