Accessibility links

Алматы нашақорларының саны жағынан алғашқы орында


Ертең нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы халықаралық күрес күні. 1984 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы ұйымға мүше мемлекеттердің есірткісіз халықаралық қоғам құру жөніндегі міндеттемесін есте ұстау мақсатында жыл сайын осы күнді атап өту туралы қарар қабылдаған.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстандағы нашақорлар саны азаймай отыр. 2007 жылы есірткіні тұңғыш рет пайдаланғандар саны 100 мың адамға шаққанда 383,0 болса, 2008 жылы бұл сан 390,4-ке жеткен.

Нашақорлыққа бой алдыру жағынан Алматы қаласы алғашқы орында тұр, мұнда 100 мың адамға шаққанда 1286,6 адам есірткіге тәуелді. Жасөспірімдер арасындағы есірткі құмарлар саны 100 мың адамға шаққанда 473,6 –ке жеткен. Сондай-ақ есірткіні инъекциялық жолмен пайдаланатын әйелдер саны 1,5 пайызға, ал балалар саны 2,2 есеге көбейген.

Нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы халықаралық күрес күніне орай ертең Алматыда «Біз нашаға қарсымыз. Біз салауатты өмір салтын қалыптастырамыз» атты жастар шеруі өтеді. Оған Алматы қаласының мәдени-ұлттық орталықтары, мектеп оқушылары, студенттер, Алматы қаласы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың өкілдерінен жиналған 1500 адам қатыспақ.
XS
SM
MD
LG