Ресей премьер-министрі Владимир Путин Мәскеудегі үлкен дүкендерді аралап, ондағы заттардың бағасын төмендетуге нұсқау берді. “Коммерсант” басылымының жазуынша, Путин өз кеңсесіндегі ресми жиынды тоқтатып, жақын маңдағы “Перекресток” супермаркетіне барып, азық-түліктің бағасын тексерген. Путин сауда үйінің басшыларынан заттардың бағасы өндірілген бағадан не себепті тым жоғары екенін сұраған. Ресей үкіметінің басшысы заттардың бағасы екі еседен аса болып отырғанына көз жеткізіп, оны түсіруге бұйрық берcе, супермаркет басшылары бағаны төмендетуге уәде берген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы