Accessibility links

Түркменстан Қытайдан 4 млд доллар алатын болды


Түркменстанның мемлекеттік телеарнасы хабарлап отырғандай, Қытай Түркменстанға 4 млд доллар ақша беруге келісті. Ал Түркменстан Қытайға беретін газдың мөлшерін жылына 30 млд-тан 40 млд текше метрге дейін ұлғайтатын болды.
Бұл келісім туралы Қытайдың вице-премьерінің президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездескен Ашхабадқа сапары кезінде айтылды.
Осы айдың басында түркмендік ақпарат құралдары Қытай Оңтүстік Иолотан табиғи газ кенішін дамыту үшін Түркменстанға 3 млд доллар қаражат береді деп хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG