Accessibility links

Ипотекалық несиені қайта қаржыландыру мерзімі тағы ұзартылды


Қазақстан экономикасын модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жиналысында ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мерзімін 2009 жылдың 1-қазанына дейін ұзарту жөнінде шешім қабылданды. Екінші дәрежелі банктер несие алушылардың өтінішін 2009 жылдың 1-тамызына дейін қабылдайды, — деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ –ның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, несиесін қайта қаржыландыру кезінде көптеген мәселелермен бетпе-бет келген азаматтардың шағымдарын қарастыра келе, қайта қаржыландыруды несие алған банктің өзінде ғана жүзеге асыру қажеттігі байқалған.

Сол себепті ресурстарды «БанкЦентрКредит», «АТФ Банк», «Темірбанк», «Kaspi bank», «Цеснабанк», «Еуразиялық банктерге» бөліп беру жайлы шешім қабылданды.

AzattyqTV

Қарағанды облысы

Ереуілдің төртінші күні

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG