Accessibility links

Қарулы күштер қатары жеті мың сарбазбен толықты


Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көктемгі шақырылым бойынша жеті мыңнан астам қазақстандық республика Қарулы күштерінің қатарын толықтырады.

Қазір әскерлерді Қарулы күштер қатарына жіберу мен әскери құрылымдық жұмыстар аяқталды, әскерге шақыру жөніндегі комиссиялар 30 маусымға дейін жұмыс істейді.

Бұған қоса осы жылдың 8 маусымынан бастап, республика Қарулы күштерінің қатарына келісімшартпен қабылдау қайта қолға алынды.
XS
SM
MD
LG