Accessibility links

Әлемге әйгілі әнші Майкл Джексон өмірден өтті


Әлемдегі поп-музыканың фанаттары кеше қайтыс болған әнші Майкл Джексонның қазасына қайғырып, аза тұтуда.

“Поп музыканың патшасы” аталып кеткен 50 жасар Майкл Джексонның күтпеген жерден жүрегі тоқтап қалған.

Лос-Анджелес ресмилері әнші әрі биші Джексонның бейсенбі күні аяқ астынан ауруханаға түскенін айтып отыр.

Джексонның өлімі оның шілде айының ортасына белгіленген Лондондағы концертіне дайындық жүріп жатқанда болып отыр.
Майкл Джексонның қазасына қатысты Мадонна, Арнольд Шварценегер, Стивен Спилберг сында белгілі жұлдыздар мәлімдеме жасады.

Музыка әлемінде биікке шарықтаған феномен - Майкл Джексонның дүниежүзі бойынша 750 млн альбомы сатылған.
XS
SM
MD
LG