Accessibility links

Лукашенко: Ресей санкциялары Беларусті ЕуроОдаққа қарай итермелейді


Беларусь президенті өз елін Ресей сауда санкцияларымен қысып отыр деп айыптап, бұдан кейін Еуропа Одағымен жақынырақ байланыс құруды қарастыра бастайтынын жариялады. Александр Лукашенконың бұл мәлімдемесі бейсенбі күні кешкісін теледидарда айтылды.
Лукашенконың айтуынша, Ресейдің беларустік сүт өнімдеріне тыйым салуы елдің ауылшаруашылық саласына соққы болды. Беларусь президенті сонымен қатар елдің мұнай өңдеу жұмыстарына да Ресей бақылау алуға тырысуда деп айтты.
Осы аптаның басында Минскіге барған Еуропа Одағының сыртқы байланыстар жөніндегі басшысы Бенита Фереро-Уолднер Беларусь елі Батыстың демократиялық талаптарына жауап берген кезде, Еуропа Одағы бұл елмен ынтымақтастығын кеңейтуге дайын деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG