Accessibility links

Ресей Березовскийді сырттай 13 жылға соттады


Ресей соты шетелге қашып кеткен қаржы алпауыты Борис Березовскийді мемлекет мүлкін талан-таражға салды деген айыппен 13 жылға соттады. Сырттай түрме жазасын алған Березовский 1990 жылдары Автоваз және Логоваз көлік жасайтын кәсіпорындардан 1,9 млн доллар ақша жымқырды деп айыпталды.
Бұл сот билікке 2000 жылы Владимир Путин келгеннен бері Березовскийге қарсы ашылған көптеген істердің бірі.
Березовский 2003 жылы Британиядан саяси баспана алып, Лондон оны Мәскеуге беруден бас тартқан болатын.
XS
SM
MD
LG