Accessibility links

Обама Иран шерушілерінің қатыгездікпен басылғанын айыптады


АҚШ президенті Барак Обама Иранның президенттік сайлауының нәтижесіне наразылық танытқан шерушілерге қарсы күш қолданылғанын қатыгездік деп айыптады.
Ақ Үйде Германия канцлері Ангела Меркельмен бірге баспасөз мәслихатын өткізген Обама ирандық шерушілердің батылдығын мадақтады.
Обаманың алдында “Үлкен-8” елдері Иран билігін тезарада қақтығысты тоқтатып, сайлаудың қортындысы халықтың қалауымен болғанына кепілдік беруін сұрады.

Бірақ Теһранның діни жетекшісі Ахмад Хатами көтерілісті бастаушыларды аяусыз жазалауға шақырды.

Хабарларға қарағанда, Ирандағы сайлаудан кейін болған шерулерді үкіметтің басып тастауы кезінде 20-дан аса адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG