Accessibility links

Косово Халықаралық валюта қорына мүше болмақ


Косово алдағы аптада Халықаралық валюта қорының 186-шы мүшесі болуға дайын. Бұл туралы аталған қордың баспасөз хатшысы Алистэр Томсон Франс-Пресс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Косово ресмилері Халықаралық валюта қорының шарттарымен келісіп, дүйсенбі күні Вашингтонда осы жөніндегі құжатқа қол қоймақ.

Өткен жылдың ақпан айында Сербиядан тәуелсіздігін жариялаған Косовоны 60 мемлекет мойындады, олардың арасында АҚШ пен Еуропа Одағына мүше 22 ел бар. Алайда Сербия мен оның одақтасы Ресей Косовоның тәуелсіздігіне қарсылық танытуда. Бұл халықаралық заңға қайшы келеді дейді олар.
XS
SM
MD
LG