Иранның жоғарғы саяси сот мекемесі даулы сайлаудағы барлық үміткерлерді елдің сайлау кеңсесімен толық ынтымақтасуға шақырды. ИСНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Рационалдық кеңесі барлық кандидаттардан Сақшылар кеңесімен ынтымақтасып, сайлаудағы заңбұзушылықтарға қатысты өз құжаттары мен дәлел-айғақтарын тапсыруды сұраған. Иранның рухани көсемі Аятолла Али Хаменейдің кеңесшісі қызметін атқаратын Рационалдық кеңесін бұрынғы президент Акбар Хашеми Рафсанжани басқарады. Ол оппозициялық үміткер Мир Хоссейн Мусавиді қолдайды делінеді.
Мусавидің сайлауда заңбұзушылықтар орын алды деген айыптауларына байланысты Иранда бірнеше күн қатарынан жаппай наразылық шаралары өтті. Соңғы күндері билік орындары шерушілерді басып жаншыған болатын.
Маусымның 12-і күнгі сайлауда қазіргі президент Махмуд Ахмадинежад жеңіске жетті деп ресми түрде жарияланды.