Accessibility links

Мұхтар Жәкішев туған күнін тергеу изоляторында қарсы алды


«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев 46 жасқа толған туған күнін тергеу изоляторында қарсы алды. Оның әлі де сыртқы ортамен байланысы жоқ, оған адвокаттарды да жібермей отыр, ал отбасы мүшелері оның жағдайы мен денсаулығынан бейхабар.

Мәскеудегі Тәуелсіз баспасөз орталығында баспасөз мәслихатын өткізген Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерім әкесін соңғы рет 20 мамыр күні көргенін айтып: «Тұтқындалғаннан кейін оны біздің отбасынан ешкім көрген жоқ. Бір айға жуық уақыт өтсе де оның жағдайынан бейхабармыз», — деген еді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Мұхтар Жәкішев мамырдың 21-і күні «Қазатомпром» компаниясы басқармасының төрағасы қызметінен бас прокуратураның ұсынысы негізінде босатылған болатын.

Ал оған дейін Мұхтар Жәкішевтің тұтқындалғанын жоққа шығарып келген ҚР ҰҚК бұл ақпаратты мамыр айының 25-і күні ғана растаған еді.
XS
SM
MD
LG