Accessibility links

Ахмадинежад Неданың күдік тудырған өлімін зерттеуді сұрады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад елдегі шерулер кезінде қаза тауып, аты ұранға айналған Неда есімді қыздың өлімін зерттеуді заң орындарынан сұрады. Сот басшылығына жазған хатында президент Ахмадинежад Неда Ага Солтанды белгісіз біреулер атып, күдікті жағдайда өлтіріп отыр деген. Ахмадинежадтың пікірінше, Иранның жаулары Неданы өлтіріп, оның өлімі арқылы елдің таза беделін нысанаға алып отыр.
Неда маусымның 20-ы күні оппозициялық кандидат Мир Хоссейн Мусавидің президенттік сайлау қортындысына наразылық танытқан қолдаушылары мен полиция арасында болған қақтығыста өлген.
Оның өлтіріліп жатқан көрінісін интернет арқылы миллиондаған адам көрген болатын.
XS
SM
MD
LG