Accessibility links

Ресей Әзірбайжан газын сатып алатын келісім жасады


Бүгін Ресей 2010 жылдан бастап Әзірбайжан газын сатып алу жөнінде газ келісімі жасалды. Келісімге Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Бакуге сапары кезінде қол қойылып отыр. Медведевпен бірге Әзірбайжанға барған Газпром компаниясының басшысы Алексей Миллер мен Әзірбайжан ұлттық энергия компаниясының басшысы Ровнаг Абдуллаев құжатқа қол қойды. Жаңа газ келісімі алдағы жылдан бастап Ресейдің Әзірбайжанның ең үлкен Шах Деңіз газ кенішінен табиғи газ сатып алу мүмкіндігін қарастырады.
Бақылаушылар бұл келісім Еуропа Одағының бақылауындағы Каспий газын Ресейді айналып өтіп, Еуропаға жеткізетін Набукко газ құбыры жобасына кесірін тигізуі мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG