Accessibility links

Астанада «Хазірет Сұлтан» атты мешіт салынбақ


Астанада таяу күндері жаңа мешіттің құрылысы басталмақ. Бұл туралы ақпарат таратқан президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, мешітте бір мезгілде 5 мың адам мінәжат ете алады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мешіт макетімен танысып, Алла үйі салынатын жерге ескерткіш капсула салу рәсіміне қатысты және жаңа мешітке «Хазірет Сұлтан» есімін беруді ұсынды.

«Мешітті биіктігі 91 метрлік төрт мұнара қоршап тұрады. Ғимаратта дәрет алатын, неке қидыратын, Құран оқылатын және оқу-ағарту топтарына дәріс өткізетін бөлмелер болады. Бұл қазіргі заманның барлық талаптарына жауап беретіндей алып ғимарат болмақ», — делінген баспасөз хабарламасында.
XS
SM
MD
LG