Accessibility links

Депутаттар сессияны жауып, демалысқа кетті


Бүгін Парламент палаталарының біріккен отырысында Қазақстан Парламенті төртінші шақырылымының екінші сессиясының жұмысы аяқталғаны туралы жарияланды.

Мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов сессия жұмысында қаралған барлығы 207 заң жобасының 66-сы өткен сессиядан қалғанын айтты. Парламент 127 заң қабылдаған, оның 97-сіне президент қол қойған.

«Өткен сессияның жауапты да қауырт болғанын атап өткім келеді. Сондай-ақ бұл сессия қаржылық дағдарыстың салдарын жеңуге қазақстандық қауымдастықтың күштерін біріктіру жағдайындағы заңнаманы жасауға ерекше тәжірибе берді», — деді спикер.
XS
SM
MD
LG