Accessibility links

Қаржы полициясының тергеуіне шыдамаған емхананың бас дәрігері өз-өзіне қол жұмсады


Астанадағы №4 емхананың бас дәрігері Марат Шоқтыбаев қаржы полициясы «мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсаған» деген айыппен қамауға алған Астана қалалық Денсаулық сақтау департаментінің директоры Темірлан Кәрібековке қатысты куәгерлікке тартылған еді.

Оның өзі басқарған емханадағылар бас дәрігер Марат Шоқтыбаевтың жүрегі ұстап, көз жұмғанын айтса, Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі өзіне-өзі қол жұмсаған деп мәлімдеді.

Қаржы полициясы Марат Шоқтыбаевты тергеуге алып, одан Темірлан Кәрібековке қатысты біраз жәйттерді сұрап білмек болған. Осыдан кейін өз пәтеріндегі жуынатын бөлмеге кіріп, мойнының күре тамырын кесіп жіберген бас дәрігерді жарты сағаттан кейін әйелі байқаған.
XS
SM
MD
LG