Accessibility links

Ахмадинежад Ливияға бармайтын болды


Иран ресмилерінің хабарлауынша, президент Махмуд Ахмадинежад бүгін Ливияда басталатын Африка Одағы саммитіне қатыспайды.

Президенттің кеңсесі сапардан бас тартуға қандай себептер болғанын айтпады. Бірақ Ирандағы президенттік сайлаудан кейін жағдай тұрақталмай отыр. Иран полициясы бүгін сайлаудан кейін болған шерулерде 20 көтерілісші қаза тауып, 1000-нан аса адам қамауға алынғанын хабарлады.

Осы тұста билік реформашылдардың "Етемад Мелли" газетін жауып тастады. Оның алдында президенттікке түскен кандидат Мехди Кароуби өзінің Махмуд Ахмадинежадтың жеңісін мойындамайтынын айтқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG