Accessibility links

АЕҰ Гондурастың уақытша үкіметіне шарт қойды


Американ елдері ұйымының мүшелері Гондурастың уақытша үкіметіне елде демократияны қалпына келтіруге 72 сағат беріп, шартты орындамаған жағдайда Гондурастың бұл ұйымға мүшелігін тоқтататындықтарын ескертті. Сәрсенбі күні мақұлданған ұйымның бұл қарарында, Гондурастың уақытша үкіметінен тезарада қауіпсіз жағдайда орнынан қуылған президент Мануэль Селайяны өз қызметіне қайтаруды талап еткен.
Осының алдында БҰҰ-ның Бас ассамблеясы президент Селайяны орнына келтіруге шақырған қарар қабылдаған болатын. Жексенбі күні әскери төңкеріспен биліктен қуылған Селайя өзін қамауға алу мүмкіндігіне қарамастан, Гондурасқа бейсенбі күні қайтатынын айтқан.
XS
SM
MD
LG