Сейсенбі күні мемлекеттік Хабар мен КТК телеарналарында Қазатомпромның бұрынғы басшылары туралы бейнесюжет көрсетілді. Онда бұрынғы топ-менеджерлер өздерінің жағдайлары жақсы екенін, туыстарымен жиі кездесіп тұратындығын айтқан.
Бірақ қамаудағылардың әйелдері күйеулерінің жағдайы жақсы дегенге күдікпен қарап, соңғы екі апта өздерінің ерлерімен кездесе алмай жүргендерін мәлімдеді.
Олар күйеулері жайында теледидарда көрсетілген видеожазбалар ҰҚК-нің қойылымы екенін айтып отыр.