Accessibility links

Хорватия премьер-министрі қызметінен кетті


Хорватия үкіметінің басшысы Иво Санадер өзінің қызметінен кетіп, алда президенттік сайлауға да қатыспайтынын айтып отыр. Ол бұл туралы Загребтегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Хорватияда президенттік сайлау 2010 жылы өтеді.
Санадердің консервативті демократиялық одағы билікке 2003 жылы социал-демократтардан кейін келген болатын.
Үкімет басшысы кезінде Санадер осы жылы Хорватияның НАТО-ға кіруіне жетекшілік етті. Бірақ Еуропа Одағына мүшеллікке ену келіссөздері Словениямен шекаралық дауға байланысты тұралап қалған.
XS
SM
MD
LG