Accessibility links

Қажымұрат Маерманов адвокатынан бас тартты


«Билігін асыра пайдаланды» деген айып тағылып, қамауға алынған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қажымұрат Маерманов күтпеген жерден өз адвокатынан бас тартты және кінәсін мойындауға дайын екенін білдірді.

«Менен бас тартып, мені кіргізбеу туралы шешім қабылдағанының себебі белгісіз, жаңа адвокаттың айтуынша бұл шешімді оның туыстары шығарған көрінеді. Маермановтың қызының сөзіне қарағанда, ол бір жайларды мойындауға бекінген тәрізді. Мен оны өзіне тағылған айыптар бойынша кінәлі деп есептемеймін, бірақ мына әркетін түсіне алмай таңқалып тұрмын», — деді адвокат Бекентай Бубербаев.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қ.Маерманов Қазақстанға Израиль әскери кәсіпорынының мүддесін көздеп келген Борис Шейнкманның ісі бойынша ұсталып, Израилмен арада 2006 жылы жасалған қару-жарақ келісіміне қатысты заң бұзушылықтарға байланысты қамауға алынған еді.
XS
SM
MD
LG