Accessibility links

Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының келесі съезі де Астанада өтеді


Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының үшінші съезі жабылды. Жабылу рәсіміне мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, салтанатты шара Б.Момышұлы атындағы астаналық саябақта өтті, — деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Съезд барысында делегаттар мен қонақтар дін басшыларының толеранттылыққа, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген әлемді құрудағы рөліне қатысты мәселелерді талқылады. Секциялық мәжілістерде Съезге қатысушылар «Моралдық және рухани құндылықтар, әлемдік этика», «Үн қатысу және ынтымақтастық», «Дағдарыс кезеңіндегі ықпалдастық» тақырыптары бойынша жұмыс істеді.

Форум жұмысының қорытындысы бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ Съезіне қатысушылар әлемдік қоғамдастыққа арнап үндеу қабылдады. Сондай-ақ IV әлемдік діндер съезін 2012 жылы Астанада өткізу туралы шешім бекітілді.
XS
SM
MD
LG