Accessibility links

Қазақстандықтар Астана күні мерекесіне байланысты үш күн демалады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 6 шілде күнгі Астана күні мерекесімен құттықтады.

«Барлықтарыңызды құттықтаймын. Мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй тілеймін. Еңбектену, еңбектену, тағы да еңбектену, сонда ғана жеңіс біздің жағымызда болады», — деді мемлекет басшысы.

2008 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда заңнамаға түзету енгізіліп, соған сәйкес республикада Астана күні (6 шілде) деген жаңа мемлекеттік мереке енгізілді. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер жұмыс күндері болып есептелмейді. Демалыс күні мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.

Биыл Астана күні 6 шілде, дүйсенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан қазақстандықтар 4, 5-шілдедегі демалыс күндеріне қоса дүйсенбі күні де жұмыс істемейтін болды.
XS
SM
MD
LG