5-шілде күні «Нұрсұлтан-2009» атты қазақстандық альпиниадаға орай жас спортшылар мен осы шараға қатысуға тілек білдірушілер арасында шыңға шығу үшін жарыс өтеді, — деп хабарлайды Алматы қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық альпиниада VII Қысқы Азиада ойындары кезінде таулы аймақтарда құтқару жұмысына дайын болу, Алматы қаласы мен жалпы жұртшылықтың арасында салауатты өмір салтының қалыптасуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Альпиниаданы Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырып отыр.
«Нұрсұлтан-2009» қазақстандық альпиниаданың бағыты – аспалы жол арқылы Шымбұлақтан Талғар асуына дейін одан әрі Қарлытау асуынан Нұрсұлтан шыңына жалғасады.
Қозғалыс перилді арқан арқылы жүзеге асады, онымен жүруге 2009 жылдың 5 шілдесінде сағат 04.00 - 12.00 аралығында рұқсат етілген.
1-3 орынды жеңіп алғандар ҰОК-нің дипломдарымен және бағалы заттармен марапатталады. Сонымен қатар ардагер шыңға шығушы мен ең жас альпинист анықталады. Бұл спорттық шараға қатысушылардың барлығына «Нұрсұлтан-2009» белгісі мен сертификаттар табыс етіледі.