Accessibility links

Путиннің өкілі: Обаманың премьер-министр туралы пікірі қате


Владимир Путиннің өкілі АҚШ президенті Барак Обаманың Ресей премьер-министрі қырғи-қабақ соғыстағыдай ойлайды дегені дұрыс емес деді.

Дмитрий Песков Обаманың Путин туралы көзқарасы олар алдағы аптада кездескен соң өзгеретініне сенімді екенін білдірді.

Мұндай мәлімдеулер АҚШ президенті Барак Обама Ассошейтед пресс агенттігіне Ресей президенті Дмитрий Медведев қырғи-қабақ соғыс тәсілдерінен алыстау керектігін түсінеді, ал Путиннің бір аяғы әлі ескі жолда қалып отыр деп айтқан еді.

Обама шілденің 6-да Ресейге сапармен барады.
XS
SM
MD
LG