Accessibility links

Иран қамаған британ дипломаттары сотқа тартылуы мүмкін


Британия Теһрандағы елшілік қызметкерлері сотқа тартылады деген хабарға алаңдап, оны анықтауға тырысып жатқанын айтты.

Британия сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі осының алдында Иранның Сақшылар кеңесінің басшысы Теһрандағы британдық елшілік қызметкерлері сайлаудан кейінгі шерулерге қатысты ұсталды, енді олар сотқа тартылады деп айтқан соң жарияланып отыр.

Иранның Сақшылар кеңесінің төрағасы Ахмад Жаннатидің айтуынша, британдық елшілік елдегі көтеріліске қатысы бар болып шықты, қамауға алынғандар оны мойындады деген.

Британ үкіметі осының алдында Иран билігі қамауға алған тоғыз қызметкерінің жетеуі босатылды деген болатын.
XS
SM
MD
LG